Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Шығыс Қазақстанда 12 соғыс ардагері 5 млн теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек алады

© Photo : пресс служба Алматинского гарнизонаШығыс Қазақстанда 12 соғыс ардагері 5 млн теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек алады
Шығыс Қазақстанда 12 соғыс ардагері 5 млн теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Жазылу
Қаржылай әлеуметтік біржолғы көмек тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері, концлагерь тұтқындары мен майдангер жесірлеріне беріледі
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен, бюджет қаражаты есебінен Жеңістің 80 жылдығына орай соғысқа қатысушылар мен жеңісті жақындатқан тыл еңбекерлеріне біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Ресми деректерге сәйкес, облыс аумағында қазіргі таңда ҰОС-қа қатысы бар 4 264 адам тұрады. Бекітілген жоспарға сәйкес:
12 соғыс ардагеріне – 5 млн теңгеден;
190 ардагерге (тыл еңбеккерлері, блокада куәгерлері, концлагерь тұтқындары және майдангер жесірлеріне) – 130 мың теңгеден;
4 062 тыл еңбеккеріне – 80 мың теңгеден төлем беріледі.
ҰОС медалі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Маңғыстауда соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0
OSZAR »