Өскеменде сотталған адам электронды білезікті кесіп тастаған

© Photo : ШҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментіӨскеменде сотталған адам электронды білезікті кесіп тастаған
Өскеменде сотталған адам электронды білезікті кесіп тастаған - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Жазылу
Ол "102" нөміріне қоңырау шалып, білезіктің "жоғалғанын" хабарлаған
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Өскеменде пробациялық бақылауда жүрген ер адам электронды білезікті кесіп, алып тастаған, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті.
35 жастағы ер адам түрмеге жабылды.
"Сот шешімімен шартты түрде сотталып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Өскемен қаласының Үлбі аудандық пробация қызметінің есебіне алынған азаматқа жазаны өтеу тәртібі мен шарттары толық түсіндірілген. Сонымен қатар қызметкерлер оның қайта қылмысқа бармауы үшін профилактикалық әңгіме жүргізген", - дейді департаменттің ресми өкілі Салтанат Ожиканова.
Алайда ол кешкі уақытта ішімдік ішіп, аяғындағы электронды білезікті пышақпен қиып тастаған.
"Мұнымен қоймай, "102" нөміріне қоңырау шалып, білезіктің "жоғалғанын" хабарлап, жалған ақпарат берген. Пробация қызметі оның өтірігін жылдам әшкерелеп, тексеру нәтижесінде бұл алғашқы заң бұзушылық емес екені анықталды", - дейді Салтанат Ожиканова.
Бұған дейін де жазаны өтеу тәртібін елемей, тіпті жұмыссыз бола тұра, өзін жұмысқа орналасқан етіп көрсетуге тырысқан. Осы заң бұзушылықтардың жиынтығы негізінде пробация қызметі сотқа шартты жазаны нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс енгізді. Сот шешімімен ер адам қалған жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтейтін болды.
Жаңалықтар
0
OSZAR »