Зейнеткерлерге заңды өтемақы төленді

© Sputnik / Владислав ВодневТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
Жазылу
Қадағалау актісі бойынша 20-дан астам қызметкердің 2,2 млн теңгеден астам өтемақысы төленді
АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Ақмола облысында прокурорлар зейнетке шыққан ондаған қызметкерге заңды өтемақысы төленбегенін анықтады, деп хабарлады Бас прокуратура.
Қазіргі заңнамаға сәйкес, зейнеткерлік жасқа толған қызметкерге кемінде бір ай бұрын хабарлау және бір лауазымдық жалақы мөлшерінде өтемақы төлеу керек. Ал Көкшетауда 20-дан астам азаматтың конституциялық құқықтары бұзылды. Қалалық білім беру ұйымдары зейнеткерлікке шыққан қызметкерлерге өтемақыны төлемеген.
"Мәселен, қаладағы балабақшалардың бірінде үш қызметкерге жалпы сомасы 800 мың теңгеден асатын бір лауазымдық жалақы көлемінде өтемақы төленбеген", - дейді прокурорлар.
Қадағалау актісі бойынша 20-дан астам қызметкердің 2,2 млн теңгеден астам өтемақысы төленді. Ал заңды талаптарын сақтамаған лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2025
2025 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға көбейді
Жаңалықтар
0
OSZAR »