ШҚО-да Шалқар көлі жағасында жазғы туристік маусым ашылды

© Photo : ШҚО әкімдігі ШҚО-да Шалқар көлі жағасында жазғы туристік маусым ашылды
 ШҚО-да Шалқар көлі жағасында жазғы туристік маусым ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2025
Жазылу
Қазіргі таңда бұл жерде 21 демалыс базасы ресми түрде жұмыс істейді
АСТАНА, 18 мамыр – Sputnik. ШҚО-да Шалқар көлінің жағасында жазғы туристік маусымның ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
© Photo : ШҚО әкімдігіШҚО-да туристік маусым ашылды
ШҚО-да туристік маусым ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.05.2025
ШҚО-да туристік маусым ашылды
Бұл шара жазғы демалыс маусымының басталуына серпін беріп, өңірлік туризмді дамыту жолындағы маңызды қадам. Іс-шараның басты мақсаты – өңірдің табиғи көрікті жерлерін кеңінен насихаттап, ішкі туризмнің әлеуетін арттыру, сонымен қатар экологиялық, мәдени және белсенді демалыс түрлерін дәріптеу.
"Қазіргі таңда бұл жерде 21 демалыс базасы ресми түрде жұмыс істейді. Олардың жалпы сыйымдылығы – 2349 төсек-орын мен 558 нөмірді құрайды. Туризм саласында 68 адам тұрақты түрде еңбек етсе, 31 маусымдық қызметкер тартылған", - делінген хабарламада.
Соңғы жылдары Шалқар көліне келіп демалушылар легі айтарлықтай артқан:
2023 жылы - 15 600 адам тамашаласа;
2024 жылы - 20 774 турист келген.
Маусымның ашылу салтанатында қонақтарға мәдени-спорттық шаралар ұсынылды. Бұдан бөлек, "TOR ALTAI" демалыс базасына дейін жаяу экскурсия, "өмір соқпағы" бағытымен серуен ұйымдастырылды.
Шара барысында ұлттық тағамдар ұсынылған этноауыл, қолөнершілер жәрмеңкесі және қазақ халқының салт-дәстүрін таныстыратын экспозициялар көпшілікке ерекше әсер қалдырды.
Жұмбақтас - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.01.2025
Әкімдіктерге ұлттық саябақтарда туризм инфрақұрылымын салу құқығы берілуі мүмкін
Жаңалықтар
0
OSZAR »