https://sputnik.kz/20250528/dropperler-qylmystyq-zhauapkershilikke-tartyluy-mumkin-53996153.html
Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Бүгінде дропперлер куәгер ретінде келеді, ниеті дәлелденсе ғана алаяққа сыбайлас ретінде қаралады 28.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-28T13:01+0500
2025-05-28T13:01+0500
2025-05-28T13:01+0500
қылмыс
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан заңында дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқықтық негіз жоқ. Парламентте дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгінде дропперлер куәгер ретінде келеді, ниеті дәлелденсе ғана алаяққа сыбайлас ретінде қаралады.Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заңда дропперлік – "банк шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралдарына рұқсатты заңсыз беру, аудару және алу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру" (ҚК 232-1-бап) үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген."Дропперлер" деп саналатындар банк есепшотын басқаруға рұқсатты заңсыз алғаны үшін жауапқа тартылады және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.Бұл ретте жаңа бапта мынадай ескерту бар: осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, ол туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ осы құқық бұзушылықтың ашылуына немесе жолын кесуге белсене қатысқан адам, егер оның әрекетінде басқа қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, мәжіліс
Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Бүгінде дропперлер куәгер ретінде келеді, ниеті дәлелденсе ғана алаяққа сыбайлас ретінде қаралады
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан заңында дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға құқықтық негіз жоқ. Парламентте дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгінде дропперлер куәгер ретінде келеді, ниеті дәлелденсе ғана алаяққа сыбайлас ретінде қаралады.
Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру туралы заңда дропперлік – "банк шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралдарына рұқсатты заңсыз беру, аудару және алу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру" (ҚК 232-1-бап) үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
"Ұсынылған түзетулерде дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың нақты уақыты белгіленеді. Осылайша, банк шотына заңсыз рұқсат бергені үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал банк шоты арқылы үшінші тұлғаның пайдасына заңсыз төлем жасағаны және ақша аударғаны үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп жазды мәжілістің телеграм каналы.
"Дропперлер" деп саналатындар банк есепшотын басқаруға рұқсатты заңсыз алғаны үшін жауапқа тартылады және жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Бұл ретте жаңа бапта мынадай ескерту бар: осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, ол туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ осы құқық бұзушылықтың ашылуына немесе жолын кесуге белсене қатысқан адам, егер оның әрекетінде басқа қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.