Шерзат Полат өлімі: сот үкімі шығатын күн белгілі болды

© SputnikШерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы
Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2025
Жазылу
Жарыссөзде сотталушылар мен олардың аналары да сөйледі
АСТАНА, 3 маусым - Sputnik. Бүгін Шерзат өліміне қатысты сот жарыссөзі болды. Жарыссөзде кім не айтты, Sputnik Қазақстан тілшісі айтады.
Мемлекеттік айыптаушылар тергеудің дұрыс жүргенін айтып, қозғалған қылмыстық іс бойынша қатаң жаза тағайындауды сұраған болатын.
Бүгінгі жарыссөзде жәбірленуші тараптың қорғаушылары бас бостандығынан айыру жазасы да, моральдық шығын да толық өтелуі керек дейді.
Жарыссөзде сотталушылар мен олардың аналары да сөйледі.
Аналары балаларының нақақ сотталып жатқанын айтып, Қаржаубайдың да жауапқа тартылуы керектігін айтты. Олардың айтуынша, Шерзаттың туыстары істі ушықтырмағанда мұндай сұмдық болмас еді.
Ал сотталушылардың кейбірі өздеріне таққан айыппен мүлдем келіспесе, енді бірі ішінара кінәсін мойындады. Тіпті бірі сот залында анасынан кешірім сұрап, өлең жолдарын оқыды.
Айта кетейік, осы қылмыстық іске қатысты сот үкімі 5 маусымда шығады.
Шерзат Полат өліміне қатысты сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
Шерзат соты: мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға қандай жаза сұрады
Жаңалықтар
0
OSZAR »