Шерзат Полаттың ісі: куәгерлерге қатысты тергеу жүргізіледі

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Талдықорған сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы аяқталды. Сот тоғыз айыпталушыға үкім шығарғаннан кейін іс бойынша куәгерлерге қатысты жеке қаулыны оқыды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот шығарған жеке ұйғарым шеңберінде прокурорлар іс бойынша жауап берген куәларға қатысты тергеу жүргізуге тиіс.
"Сот куәлар Д.А.Жақсыгелді, Э.К.Нұрбекова, А.М.Казакенов, Ю.Д.Рузбакиевтің әрекеттерінде болуы мүмкін қылмыс құрамына прокурордың назарын аудару туралы жекеше қаулы шығарды", - деп жазылған сот қаулысында.
Олардың кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдар анықтау қажет.
Еске сала кетейік, бүгін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты.
Сот үкімімен:
Абзал Шынасыл 23 жылға,
Равиль Сәкиев 20 жылға,
Шыңғыс Белғожаев 7 жылға,
Дархан Әскентай 7 жылға,
Нұрқияс Ілиясов 9 жылға,
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға,
Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға,
Дидар Қалиахмет 7 жылға,
Думан Ысқақов 1,6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Думан Ысқақов жазасын жасөспірімдер колониясында өтейді.
Судья үш жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу туралы талапты ішінара қанағаттандырды.
Абзал Шынасыл жәбірленушілердің әрқайсысына 20 миллион теңгеден төлейді. Равиль Сәкиев әрқайсына 15 миллион теңгеден береді. Ал Белғожаев, Әскентай, Ілиясов, Азамат Тоқтаубаев, Қалиахмет, Нұрбол Тоқтаубаев әрқайсысына 10 миллион теңгеден өтейді.
Жаңалықтар
0
OSZAR »