"Тірі адамның шашын қолданбаймын": қазақстандық мүсінші тың өнерді дамытып жүр

Мүсінші Айдос Есмағамбетов
Мүсінші Айдос Есмағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Жазылу
Айдостың жұмысына әсіресе діни мамандар қарсы болған, айтуларынша шынайы бейне жасау - күнә, дінге жат дүние
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Арқалық маңындағы Қайыңды ауылының тұрғыны - 39 жастағы мүсінші Айдос Есмағамбетов Қазақстандағы бірегей қылқалам шебері. Ол жасаған мүсіндер жансыз дегеніңіз болмаса, құдды бір тірі адам іспетті. Мүсіншінің құпиясын Sputnik Қазақстан тілшісі сұрап білді.
Әсімғали мен Сәуле Есмағамбетовтердің 6 баласы бар, бірі - Айдос. Суретшілік Айдостың бойына ата-анадан дарыған. Өйткені Әсімғали аға мен Сәуле апай да қылқалам шеберлері.
"Пәндік сабақтардан емес, мектепте шығармашылықпен жақсы айналыстым. Арқалық қаласында көркем графика бойынша оқу бітірдім. Ұстаздарым "Айдос, сен табиғаттан гөрі адам анатомиясын өте жақсы сезінесің, портретті жақсы саласың" дейтін. Талай байқауға қатыстым, орын алмайтынмын, бірақ қайтпастан қатыса бердім", - дейді Айдос Есмағамбетов.

Тірі адамның образын жасаған

Қазақстанға алғаш гиперреализмді дамыта бастаған Айдостың жұмысы шетелдік шеберлерден еш кем емес.
"Мен бұл өнерді 2009 жылдан бастап зерттеп, дамытып келем. Қандай материал керек, неден жасалады, бәрін зерттеп көріп, таңды көзбен атқызған түндерім көп. Мысалы, "Мадам Тюссоны" жасаған шеберлерден біздің жасап жатқанымыз бір де бір кем емес", - дейді мүсінші-гиперреалист.
Айдостың жұмысына әсіресе діни мамандар қарсы болған, айтуларынша шынайы бейне жасау - күнә, дінге жат дүние. Десе де, ол талай тарихи тұлғаларды жасап шыққан.
Мүсінші Айдос Есмағамбетов
Мүсінші Айдос Есмағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Мүсінші Айдос Есмағамбетов
"Абылайхан, Назарбаевтың мүсіндерін жасадым. Барак Обаманы жасадым. Жақында Алтын адамды жасап біттім. Қазір қолым машықтанған, екі айда бір мүсінді жасап шығамын. Тарихи тұлғалардың антропологиялық нұсқалары болса болды, жасай берем, бірақ олар табыла бермейді. Ал қазіргі тұлғалардың мүсінін жасау оңай, фотолары көп", - дейді Айдос.

Табиғи шашты қолданбаймын

Мүсіндерге табиғи шашты қолданбаймын, дейді ол. Сондай-ақ мұндай өнерді тек тарихи тұлғаларды сомдауға ғана қолданады.
"Жекеме жазып, туыстарының мүсінін жасауды өтініп жатады. Мен ондай тапсырыс алмаймын. Сосын мүсіндерде ешқашан табиғи шаш қолданбаймын, өйткені шашта адамның энергиясы сақталып қалады деген өз пайымым бар. Шетел жұлдыздарының мүсіндерінде адамның табиғи шашын қолданады. Мен табиғи материалдарды қолданбаймын. Арнайы силикондар, бояулар қолданамын. Шаштарын қымбат парктерден жасаймын", - дейді Айдос Есмағамбетов.
"Мүсіндердің түсіңе кірмей ие" деп сұрайтындар да бар, бірақ Айдос ондай сәттер болмапты, дейді.
Айдос Есмағамбетовтың мұндай нәтижеге жетуіне бірнеше мыңдаған күндер, жүздеген миллион қаражат кеткен. Өнер жолында мақсатқа жетуде қаражатты санамаймын, дейді скульптор-гиперреалист.
Еуразия кинофестивалі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
"Бұл ортақ тарих": "Еуразия-Кинофестте" қазақстандық режиссер "Эвакуация" фильмін ұсынды
Жаңалықтар
0
OSZAR »