https://sputnik.kz/20250610/bir-zhylda-zhumysta-zhurip-qaza-tapqandar-sany-202-adam---ministr--54467221.html
Бір жылда жұмыста жүріп қаза тапқандар саны 202 адам - министр
Бір жылда жұмыста жүріп қаза тапқандар саны 202 адам - министр
Sputnik Қазақстан
Бұдан бөлек, бір жылда 15 976 азаматтың кәсіптік еңбекке қабілеттілігі жоғалған 10.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-10T10:44+0500
2025-06-10T10:44+0500
2025-06-10T10:44+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857311_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_7216d5571560f71bfb1f34811730e3fd.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бір жылдың ішінде өнідістерде болған жазатайым оқиғалардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда жазатайым оқиғалардан 1 408 адам зардап шекті. Министрдің айтуынша, бүгінде 445 мыңнан астам жұмыс орны әлі де зиянды және қауіпті өндірістердің қатарына кіреді. Осы орайда министр 2024 жылдан бастап еңбек тәуекелі картасының енгізілгенін еске салды. Жүйе енгізілгеннен кейін жоғары тәуекел аймағынан 3 мың кәсіпорын шығарылып, 90 мыңнан астам жұмысшы қамтылды. Жалпы, жоғары тәуекел деңгейі бар кәсіпорындар саны 2 589-дан 1 799-ға дейін азайды.
https://sputnik.kz/20250127/byltyr-qazaqstanda-1400-den-astam-adam-zhumysta-zhurip-zharaqat-algan-50295039.html
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33857311_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_8d612b5c9d284d4da4cf6cb57f180e29.jpgSputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бір жылда жұмыста жүріп қаза тапқандар саны 202 адам - министр
Бұдан бөлек, бір жылда 15 976 азаматтың кәсіптік еңбекке қабілеттілігі жоғалған
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бір жылдың ішінде өнідістерде болған жазатайым оқиғалардың санын жариялады, деп
хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда жазатайым оқиғалардан 1 408 адам зардап шекті.
“Олардың ішінде 202 адам қаза тапты. Бұдан бөлек, бір жылда 15 976 азаматтың кәсіптік еңбекке қабілеттілігінің жоғалғаны анықталды, Соның ішінде 8 204 адам кәсіби аурулардан және 7 771 адам өндірістік жарақаттардан зардап шеккен”, - деді Жақыпова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, бүгінде 445 мыңнан астам жұмыс орны әлі де зиянды және қауіпті өндірістердің қатарына кіреді.
Осы орайда министр 2024 жылдан бастап еңбек тәуекелі картасының енгізілгенін еске салды.
"Бұл жүйе өндірістік тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындарды автоматтандырылған режимде анықтауға мүмкіндік береді. Онда жарақат алу саны, әлеуметтік аударымдар қозғалысы, кадрлардың тұрақсыздығы, кәсіподақтардың болуы және басқа да параметрлерді қоса алғанда 23 көрсеткіш ескеріледі", - делінген хабарламада.
Жүйе енгізілгеннен кейін жоғары тәуекел аймағынан 3 мың кәсіпорын шығарылып, 90 мыңнан астам жұмысшы қамтылды. Жалпы, жоғары тәуекел деңгейі бар кәсіпорындар саны 2 589-дан 1 799-ға дейін азайды.