https://sputnik.kz/20250616/qazaqstan-aes-saluga-aqshany-qaydan-alady-54728799.html
Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады
Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады
Sputnik Қазақстан
Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыруды ұсынады 16.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-16T17:51+0500
2025-06-16T17:51+0500
2025-06-16T17:51+0500
атом электр станциясы
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0e/54653456_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_84c0520388513b5052845e57d6759159.jpg
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Атом энергетикасы агенттігі алғашқы АЭС-тың құрылысын қаржыландыру тәртібін және пайдалануға беру мерзімін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстандағы алғашқы АЭС-ты халықаралық консорциум салады. Оны "Росатом" басқарады. Экпорттық кредиттің ақшасы алдымен ядролық реактор, бу генераторлары, циркуляциялық сорғы сияқты қажетті құрал-жабдықтарға, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына жұмсалады.Әзірше АЭС-тың нақты құны белгісіз. Оны жобалау мен сараптаманың қорытындысы бойынша анықтайды. Ал станция өндіретін энергияның тарифтері жобаның құнына, эксплуатацияға кететін шығындар мен қарызға алған қаржының көлеміне қарай белгіленеді. Бас кезінде тариф жоғары болады. Бірақ жоба өз ақшасын ақтағаннан кейін АЭС-тың энергиясы газ және көмірден де арзан болады.Ресейлік компания консорциумның жетекшісі ретінде басқа да вендорлармен құрылыс жұмыстарын атқарады. Ал АЭС-ты қазақстандық мамандар іске қосады.
https://sputnik.kz/20250614/qazaqstanda-algashqy-aes-qurylysyn-zhurgizetin-kompaniya-anyqtaldy-54653136.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/06/0e/54653456_272:0:1232:720_1920x0_80_0_0_9855d85cabe1e416c9baf71eec10e0b4.jpgSputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы, қазақстан, ресей
атом электр станциясы, қазақстан, ресей
Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады
Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыруды ұсынады
АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Атом энергетикасы агенттігі алғашқы АЭС-тың құрылысын қаржыландыру тәртібін және пайдалануға беру мерзімін атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ты халықаралық
консорциум салады. Оны "Росатом" басқарады.
"Ресей Федерациясы Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық қаржыландыруды ұсынады. Біз соған келістік. Ол қаржыландырудың параметрлерін келісіп жатырмыз. Соның нәтижесінде Қазақстан мен Ресей арасында экспорттық қаржыландыру бойынша үкіметаралық келісімдерге қойылады. Одан кейін негізгі келісімшартқа қол қойылады", - дейді агенттік мамандары.
Экпорттық кредиттің ақшасы алдымен ядролық реактор, бу генераторлары, циркуляциялық сорғы сияқты қажетті құрал-жабдықтарға, сондай-ақ құрылыс жұмыстарына жұмсалады.
Әзірше АЭС-тың нақты құны белгісіз. Оны жобалау мен сараптаманың қорытындысы бойынша анықтайды. Ал станция өндіретін энергияның тарифтері жобаның құнына, эксплуатацияға кететін шығындар мен қарызға алған қаржының көлеміне қарай белгіленеді. Бас кезінде тариф жоғары болады. Бірақ жоба өз ақшасын ақтағаннан кейін АЭС-тың энергиясы газ және көмірден де арзан болады.
"Әлемдік тәжірибеге сәйкес, атом электр станциясын жобалау мен салудан бастап пайдалануға беруге дейінгі уақыт шамамен 10-12 жылды құрайды. Осылайша, құрылыс жұмыстары шамамен 2035–2036 жылдары аяқталады. Оны "Росатом" да растап отыр ", - делінген агенттік хабарламасында.
Ресейлік компания консорциумның жетекшісі ретінде басқа да вендорлармен құрылыс жұмыстарын атқарады. Ал АЭС-ты қазақстандық мамандар іске қосады.