"Ақша далаға шашылып жатыр": мәжіліс төрағасы министрге шүйлікті

© Sputnik / Санат ИмангалиевСаясат Нұрбек
Саясат Нұрбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2025
Жазылу
Үш жылдың ішінде бұл бюджеттің 31,8 млрд теңгеге немесе 13 905 қосымша грантқа артық шығындалуына әкелді
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ғылым және жоғары білім министріне шүйлікті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің бүгінгі отырысында былтыр бюджеттен жұмсалған қаржының мәселесі қаралды. Осы орайда депутат Нұргүл Тау педагог мамандарын даярлау жүйесінің тиімділігін сынға алды. Оның айтуынша, мемлекеттік гранттар жылдар бойы нақты қажеттілікті есепке алмай бөлінеді.
"Мәселен, 2022 жылы қажеттілік 7,5 есеге, 2023 жылы 9,3 есеге артқан. Үш жылдың ішінде бұл бюджеттің 31,8 млрд теңгеге, немесе 13 905 қосымша грантқа артық шығындалуына әкелді. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған түлектердің 90 пайызы жұмысқа орналастырылмаған", - деді Тау.
Ал ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік тапсырыстың еңбек нарығындағы болжаммен ұштастырылғанын мәлімдеді.
"2030 жылға дейін орта болжам бойынша 883 мыңнан астам қызметкерлер тапшы болады. Олардың ішінде 20 пайызы - педагогика кадрлары. Сондықтан біздің мемлекеттік тапсырысымыз сол 20 пайыздық болжаммен ұштастырылған", - деді Нұрбек.
2000-нан астам сарбаз жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2025
2000-нан астам сарбаз жоғары оқу орындарына мемлекеттік грант алды
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде педагог мамандардың мәртебесі көтерілді. Жалақысы артты. Ал ҰБТ-дан шекті ұпай саны көтерілді. Педагогиканы таңдайтын "Алтын белгі" иегерлері де көбейді. Соның арқасында мамандардың сапасы артты.
Алайда мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов министрдің жауабына қанағаттанбады.
"Негізі, нақты сұрақ болды. Мамандарды даярлауға миллиардтаған қаржы жұмсалады. Бірақ олар кейін қажетсіз болып қалады, жұмысқа 90 пайызына дейін орналаспайды", - деді Қошанов.
Саясат Нұрбек бұл 2019-2022 жылдары болған деректер екенін жеткізді. Сол кезде жұмысқа орналаспаған 90 пайыз түлектің ішінде 60 пайызына қатысты нақты мәлімет жоқ делінген. Министрдің айтуынша, ол түлектер халықаралық мектептер мен оқу орталықтарына жұмысқа тұрған. Оған қатысты нақты мәлімет те бар. Алайда мәжіліс төрағасы тағы нақты жауапты талап етті.

"Жоқ, сіз нақты депутаттың сұрағына жауап берсеңші. Қанша түлек оқуын грантпен бітірді? Қанша пайызы жұмысқа орналастырылды? Депутат 90 процент деп отыр. Жоғары аудиторлық палатаның есебінде де солай деп тұр. Министр мырза, бұл - өте маңызды мәселе. Ол мемлекеттің ақшасы далаға шашылып жатыр деген сөз", - деді Қошанов.

Ал Саясат Нұрбек қазіргі таңда жүйелі шаралар қолға алынғанын айтқанда Қошанов: "Қазіргі таң бар, кешегі таң туралы айтылып отыр ғой. Қазіргі таңдағыны келесі жылы сөйлесеміз", - деп қысқа қайырды.
Үй макеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Депутат шетелден қайтарылған 50 млрд теңгені арзан ипотекаға бағыттауды ұсынды
Жаңалықтар
0
OSZAR »