https://sputnik.kz/20250618/bishimbaevtyn-tuysy-merziminen-buryn-bosatudy-surady-ma---ministr-zhauap-berdi-54806708.html
Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босатуды сұрады ма - министр жауап берді
Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босатуды сұрады ма - министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға түрмеге жабылды 18.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-18T13:09+0500
2025-06-18T13:09+0500
2025-06-18T13:09+0500
қуандық бишімбаев
сот
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44242215_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ed50942ae7dd59e2e05353347b3115ae.jpg
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Бишімбаевпен бірге сотталған Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын босатуды сұраған жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Былтыр экс-министр Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға түрмеге тоғытылды. Бүгінде Байжанов мерзімінен бұрын шартты босатуға өтініш бере алады. Бірақ ондай өтініш түскен жоқ."Бишімбаевтың туысы жайында айтар болсақ, одан ешқандай материалдар түскен жоқ. Егер ол мерзімінен бұрын босатуға қатысты өтініш берсе, әрине, бәрі заң аясында қаралады", - деді Сәденов журналистерге берген сұхбатында.Айта кетері, мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш түрме әкімшілігінің атына жазылады. Ал әкімшілік сотталған адамның мінездемесін жасайды. Сол кезде түрмеде алған дипломдар және тағы басқа ынталандыру шаралары ескеріледі. Одан кейін барлық материал сотқа жолданады.
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0d/44242215_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ea69beb9296cf7c5c72eaa728b6294a0.jpgSputnik Қазақстан
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев, сот
Бишімбаевтың туысы мерзімінен бұрын босатуды сұрады ма - министр жауап берді
Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға түрмеге жабылды
АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Бишімбаевпен бірге сотталған Бақытжан Байжанов мерзімінен бұрын босатуды сұраған жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр экс-министр Қуандық Бишімбаев аса қатыгездікпен адам өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға түрмеге тоғытылды. Бүгінде Байжанов мерзімінен бұрын шартты босатуға өтініш бере алады. Бірақ ондай өтініш түскен жоқ.
"Бишімбаевтың туысы жайында айтар болсақ, одан ешқандай материалдар түскен жоқ. Егер ол мерзімінен бұрын босатуға қатысты өтініш берсе, әрине, бәрі заң аясында қаралады", - деді Сәденов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініш түрме әкімшілігінің атына жазылады. Ал әкімшілік сотталған адамның мінездемесін жасайды. Сол кезде түрмеде алған дипломдар және тағы басқа ынталандыру шаралары ескеріледі. Одан кейін барлық материал сотқа жолданады.